Жаңалықтар

Бас прокуратура Нығматуллинге іздеу жариялады

Бас прокуратура Нығматуллинге іздеу жариялады
Фото: gov.kz 03.03.2025 17:29 569

 Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында шықты.

Аталған порталдың "Қылмыскерлерді іздеу" бөлімінде 1955 жылы туған Арғын Зайруллаұлы Нығматулиннің іздестіріліп жатқаны көрсетілген.

Ресми мәліметке сәйкес, іздеу ісі 2025 жылғы 3 наурызда ашылып, Астана қаласында тіркелген. Іздеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр, ал бастамашы орган – прокуратура.

Бас прокуратура Нығматуллинге іздеу жариялады

Айта кетейік, Арғын Зайроллаұлы шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы жастар құрамасының бас менеджері және Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы Атқару комитетінің мүшесі болып жүр. Қазіргі кезде федерацияның Қарағанды облыстық филиалын басқарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға