Жаңалықтар

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларының тергеу нәтижелері бойынша мәлімет берді

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларының тергеу нәтижелері бойынша мәлімет берді
Фото: El.kz 16.08.2022 16:59 1074

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларының тергеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр,– деп хабарлайды El.kz.

Сол күндері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарына қылмыскерлер қаруды қолдану арқылы мақсатты түрде стратегиялық мемлекеттік және азаматтық объектілерді басып алып, қиратқан.

Оның ішінде – әкімдіктер, аэропорттар, полицияның ғимараттары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, телевидение және байланыс, сондай-ақ, сауда үйлері, қару дүкендері және азаматтардың мүліктері.

– Демонстрациялық ұрып-соғулар, тонаулар және адам өлтіру кеңінен қолданылды. Бұл әрекеттердің мақсаты көшелерде үрей туғызу, қылмыскерлердің жолында болған адамдарды қорқыту, жалған ақпарат тарату арқылы елдегі жағдайдың тұрақсыздануына қол жеткізу болды,–  деді Е.Қилымжанов.     

Қиратулардың қатысушылары полиция қызметкерлеріне, әскерилерге және қарапайым адамдарға шабуыл жасады, жолдардың жүру бөлігін жауып тастап, көлік құралдарын өртеді, азаматтарды қорқыту арқылы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырды, тонаулар, ұрлық және зорлық-зомбылықты жасады.

– Қылмыскерлер қару дүкендерін тонады, ұрланған қарулардың көмегімен бейнежазба камераларын жойды.Нәтижесінде 100 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді, оның ішінде бизнес субьектілеріне 92 млрд теңге. Жүздеген ғимараттар мен көлік құралдары өртенді. Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырудағы қылмыстық әрекеттер адам өлімдеріне әкеп соқты. Қазіргі уақытта «Қайғылы қаңтар» кезінде адамдардың қаза болу фактілерімен құқық қорғау органдарымен 200-ден астам қылмыстық іс тергелуде. Барлық осы жағдайлар бойынша нақты мән-жайларды анықтау жөнінде кешенді шаралар қабылданды, – деді Бас прокуратураның қызмет бастыңыының орынбасары Қилымжанов Елдос.

Сонымен қатар ол бұл күрделі және уақытты қажет ететін ұзақ процесс екендігін айтты. 

– Қолда бар бейнежазбалар бойынша оларды сәйкестендіруге бағытталған ауқымды және жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Куә болуы мүмкін он мыңнан астам азаматтан жауап алынды.Сонымен бірге қылмыстық істер шеңберінде мыңдаған күрделі сот сараптамалары жүргізілді, – деді Е.Қилымжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға