Жаңалықтар

Бас мүфтидің келуіне орай Түркістан облысы имамдарынан ақша жиналғаны рас па

Бас мүфтидің келуіне орай Түркістан облысы имамдарынан ақша жиналғаны рас па
Фото: коллаж El.kz/muftyat.kz 20.11.2024 09:35 128

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысы имамдарының бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өңірге сапары алдында қаржы жинағаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Діни басқарма жанынан арнайы құрылған комиссия желіде тараған ақпараттың шын-өтірігін анықтаумен айналысқан. 

Түркістан облысында Бас мүфтидің келуіне орай имамдардан ақша жинау әрекеті орын алмаған. Каспи голд арқылы жіберілген қаражат демеушілер тарапынан берілгені және сол қаражат қайырымдылық жұмыстарға, ауызашар дастарқанына, республикалық Құран жарысына, конференция ұйымдастыруға, баспасөзге жазылу сынды іс-шараларға жұмсалғаны анықталды. Аттестация мүшелері үшін ақша жинау фактісі анықталмады және гонорар берілмегені дәлелденді. Бас мүфти сапарының шығындары Діни басқарманың есебінен төленген. Мешіт балансындағы қызметтік көліктің жыл барысындағы барлық шығындары мешіт есебінен төленбеген болып шықты, – делінген ҚМДБ тексеру комиссиясының мәлімдемесінде. 

Діни басқарма Түркістан облыстық мешітінің кіріс-шығыс қаражаты толықтай тексеріліп, ешқандай заң бұзушылық пен мақсатсыз қаржы жұмсау фактісі анықталмағанын мәлімдеп, халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға