Бас мүфти Алтынай Жорабаеваға арнайы сыйлық берді
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашардан соң, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваны есік алдында күтіп, арнайы сыйлық берген, El.kz ақпараттық агенттігі.
Алланың қалауымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолынан осындай арнайы сыйлық бұйырды, - деп жазды Алтынай Жорабаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әнші кейіннен видеоның астына пікір жазуды шектеп қойған. Тек бірнеше адамның пікір білдіруіне ғана рұқсат еткен. Дегенмен, үлгергендер бар екен.
«Алтынай ханым ұлды болыңыз», «Алла оразамызды қабыл етсін», Сыйлықты жарлы-жақыбайға бермейсіздер ме? Әлде жағымпаздық па?, - деген пікірлер бар.
Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның алғақшы күйеуі, актер Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларының басын қосқанын жазғанбыз.