Жаңалықтар

Бас әскери прокуратура Таразда көз жұмған сарбаз туралы мәлімдеме жасады

Бас әскери прокуратура Таразда көз жұмған сарбаз туралы мәлімдеме жасады
Фото: aikyn.kz 21.02.2023 10:13 1305

Бас әскери прокуратура қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық істің тергелу барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасында болған еді. Сол кезде мерзімді әскери қызметші Бекбол Мираш асылып көз жұмған болатын.

«Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б .Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

«Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық ықтимал зорлық-зомбылық белгілері тексерілді. Алайда бұл дерек расталмаған. Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды. Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға