«Барыстың» 2023/2024 маусымға арналған күнтізбесі жарияланды

Фото: «Барыс» ХК
Фото: «Барыс» ХК
27.06.2023 20:33
2123
Астананың «Барыс» клубы ҚХЛ 2023/2024 маусымына арналған күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Андрей Скабелка шәкірттері тұрақты чемпионаттағы алғашқы матчын 2 қыркүйекте өткізеді. Өз айдынында елордалықтар «Салават Юлаевты» қабылдайды.
4 қыркүйекте «Барыс» – «Сибирь» матчы өтеді. Сонан соң 7 қыркүйек күні сырт айдында Новосібір клубымен ойнайды.
Бөлісу:
