«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді
Елорданың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейде «Ладамен» (Тольятти) кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғаш болып есепті айдын иелері сапынан Николай Демидов ашты. Ол 17-минутта қақпаны дәл көздеді.
Одан кейін екі клубтың да таблодағы есепті өзгертетін мүмкіндіктері болғанымен, ешкім мергендік таныта алған жоқ.
Үшінші кезеңнің 53-минутында «Лада» сапынан Остап Сафин қонақтардың қақпасынан саңылау тапты. Осылайша елордалық клуб қарсыласына жол берді - 2:0. Астаналықтар қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты.
Енді «Барыс» алдағы алты ойынын Астанада өткізіп, 28 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, одан кейін 31 қаңтарда «Авангард» (Омбы), 4 және 6 ақпанда «Амур» (Благовещенск), 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен кездеседі.