«Барыс» матчында бойжеткен жігітінің үйлену туралы ұсынысын қабылдамай қойды

Құрлықтық хоккей лигасы аясында өнер көрсететін «Барыстың» өз айдынындағы матчында келеңсіз жағдай болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Барыс» пен Санкт-Петербургтің СКА клубтары арасындағы матч барысында жанкүйерлердің бірі сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады. Алайда бойжеткен бұл ұсыныстан бас тартты. Бұл сәтті жұптың жанында отырған басқа жанкүйерлер түсіріп алған.
«Дұрыс істедің, жігіттің қымбат уақытын үнемдедің», «Сонда ол не істеуі керек еді, келісім беріп алып, жеке дара қалғанда бас тартуы керек пе еді», «Қолдаған Барсикке жарайсың деймін. Менің осындай мысығым болса, ешқашан үйленбеуші ме едім», - деп жазды жанкүйерлер.
Видео «Барыс» маскоты Барсиктің құлазыған жігітті құшақтап, екеуі трибунадан кетіп бара жатқанымен аяқталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
