«Барыс» клубының бас директоры тағайындалды
17 қазан күні астаналық «Барыс» клубы жаңа бас директорының есімін жариялады. Борис Иванищевтің орнына бұған дейін елордалық ұжымда басшылық лауазымды екі рет атқарған Нұрлан Оразбаев қайта келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев «Барыстың» бас директоры болып тағайындалды, - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
56 жастағы Қарағанды облысының тумасы Нұрлан Оразбаев хоккейші ретінде өзі де «Барыс» жейдесін киген.
Сонан соң екі рет – 2006-2012 жылдар аралығында және 2013-2015 жылдар аралығында астаналық клубтың президенті болды.
Енді, міне, Оразбаев үшінші рет өз командасының бас директоры қызметіне шақырылып отыр.