Жаңалықтар

«Барыс» хоккейшісі ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын қақпашы атанды

«Барыс» хоккейшісі ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын қақпашы атанды
Фото: instagram.com/eddie.pasquale80 04.08.2023 16:30 1184

«Барыс» хоккейшісі Эдди Паскуале ҚХЛ-дағы ең жоғары жалақы алатын қақпашы деп танылды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық қақпашы алдағы маусымда 65 миллион рубль (305,7 миллион теңге) табады. Екінші орында канадалық «Кунлун Ред Стар» қақпашысы Джереми Смит тұр, жалақысы – 55 миллион рубль. Үшінші орынды «Автомобилист» қақпашысы Евгений Аликин (52 миллион рубль) еншіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Эдди Паскуале осы маусымаралық кезеңде Астана клубына оралды. Өткен маусымды 32 жастағы хоккейші «Металлургте» өткізді.

ҚХЛ тұрақты чемпионатында ол 50 матч өткізді, онда ол 23 жеңіске жетті, сенімділік коэффициенті — 2.25, соққы жасау көрсеткіші — 92.7. Плей-офф кезеңінде оның есебінде 10 матч пен 4 жеңіс бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға