"Барыс" хоккей клубы еркін агент мәртебесін алған спортшылар тізімін жариялады
Астаналық "Барыс" хоккей клубы биылғы 1 мамырдан бастап шексіз еркін агенттер мәртебесін алған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тізім құрамына 20 ойыншы кірген. Олардың қатарында көшбасшы шайба шеберлері Линден Вей мен Никита Михайлис т-ебар.
Клуб басшылығы бекіткен тізімде Әділ Бекетаев, Александр Борисевич, Линден Вей, Тамирлан Гайтамиров, Алекс Грант, Джесси Грэм, Юлий Гудачек, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луис, Никита Михайлис, Нельсон Пышье, Эмиль Нұргалиев, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Юрий Сергиенко, Егор Шалапов, Майкл Шапю, Дмитрий Шевченко сынды ойыншылар еніп отыр.
Өткен маусымда "Барыс" Шығыс конференциясының кестесінде соңғы 11-ші орынды иеленіп, ҚХЛ плей-офф кезеңінен тыс қалған болатын.