Жаңалықтар

Баршаға арналған медиативті технологиялар

Баршаға арналған медиативті технологиялар
19.02.2018 10:30 1894

Заң пәндері аптасының аясында 2018 жылғы 19 ақпанда Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі негізінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинеті «Баршаға арналған медиативті технологиялар» тақырыбында медиация институты негіздерін үйрету бойынша семинар-тренинг өткізді.

Бүгінгі таңда медиация қоғам өмірінің барлық саласындағы мәселелерді шешу барысында маңызды да өзекті құрал болып табылады. Заманауи медиация институтының басты міндеті – ымыраға келу, мәселелерді бейбіт жолмен шеше білу, келіссөздер негіздерін үйрету. 

Айта кетсек, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинеті дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, конференциялар және аталған институттың қоғамдағы рөлін дәріптеуге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізеді.

«Баршаға арналған медиативті технологиялар» семинар-тренингі колледждер оқытушылары мен «құқықтану» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге өткізілді.

Іс-шара барысында медиация кабинетінің басшысы Г.Н. Мұсабаева медиацияның заманауи әлемдегі рөлі туралы ақпараттық теориялық материал ұсынды, сонымен қатар үйретуші және дамытушы фильмдер көрсетті. Әр бейнероликтен кейін қатысушыларға нақты мәселелерді шешу барысында практикалық тәжірибені әзірлеуге бағытталған  тапсырмалар берілді.

Ең қызықты тапсырмалардың бірі ойын түрінде медиация қағидаларын көрсету болды. Командаларға алған теориялық және практикалық деректерге сүйене отырып, көрініс ретінде медиация рәсімін жүргізу қажет еді. Қатысушылар өз алған білімдерін танытып, шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ тыңдай білу, дипломатиялық келіссөздер жүргізу, өз эмоцияларын ұстау ептіліктерін   көрсете білді.

Іс-шара соңында өз көзқарастарымен бөлісті, оның нәтижесінде қатысушылардың медиация институтының қызметін қоғамдағы құқықтық жүйенің маңызды буыны ретінде үйренуге деген қызығушылықтары байқалды. 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға