Жаңалықтар

Барлық өңірде балаларға психологиялық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейді

Барлық өңірде балаларға психологиялық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 20.08.2024 22:38 515

Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық 20 өңірінде балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы жұмыс істей бастағанын мәлімдеді. Басты міндет – балалардың, ата-аналар мен педагогтерге психологиялық және әдістемелік көмек көрсетуді күшейту мақсатында жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, бұған дейін орталықтардың қызметін бір жүйеге келтіру үшін бірыңғай үлгі бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленген болатын. Онда тапсырмалар, жұмыстың негізгі бағыттары, штаттық кесте және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары егжей-тегжейлі көрсетілген. Әсіресе  орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуына ерекше назар аударылады.

Бұл орталықтар педагог-психологтар үшін қолдау ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен балалар дер кезінде және білікті көмек ала алатын орта. Балалар психологиялық көмекке жүгініп қана қоймай, медициналық, құқықтық және әлеуметтік көмек ала алады. Бұл біздің балаларымыздың және жалпы қоғамның болашағы үшін маңызды, – дейді комитеті төрағасы.

Айта кетейік, орталықтардың ашылуы 2023-2025 жылдарға арналған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға