Жаңалықтар

«Бәрін найзағайға жаба салды». Ринат Зайытов 15 адамның өмірін жалмаған орман өрті туралы сөз қозғады

«Бәрін найзағайға жаба салды». Ринат Зайытов 15 адамның өмірін жалмаған орман өрті туралы сөз қозғады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.02.2024 14:29 1108

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Семейдегі орман өртіне қатысты кінәлілердің жазасын алмағанын айтып, наразылығын білдірді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Оны тексеруге тиісті Экология министрлігі ғана емес, Прокуратура да ештеңені мойындамайды. Семей орманына кінәлілерді іздегенде бәрін найзағайға жаба салды. Бір адам жауапқа тартылған жоқ. Одан кейін не оңалады? Ол жалғыз Экология министрлігіне байланысты қатысты емес, бізде кез келген министрлікте бұрынғы жүйемен өтірік статистика беруге машықтанып алған. Жаңа үкімет қалай жұмыс істейтінін білмеймін. Бірақ бұрынғы Үкімет солай істеді. Беттеріне айтсаң бүлк етпейді. Осы өтірік жүйе тоқтамай, әрбір министрлік өзін-өзін мақтатып, халыққа өтірік айтуын тоқтатпайынша бізде ештеңе оңалмайды, - дейді Ринат Зайытов журналистерге берген жауабында. 

Сондай-ақ депутат жаңа Үкіметтен үміт үзуге болмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, 8 маусым күні Семей орман резерватынан өрт шықты. Өрт кезінде 15 адам қаза тауып, 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны белгілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға