"Бар-жоғын ұмытып кеттік". Сиви Махмуди 12 жыл отасқан күйеуімен араласпайтынын айтты
Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі
09.01.2024 15:24
2152
Танымал әнші Сиви Махмуди балалары әкесін іздемейтінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үш баламның үлкені нағашыларына ұқсайды. Ал екеуі әкесіне ұқсайды. Ажырасқанымыз жайлы көп айтпаймыз. Мен де, балаларым да мүлде араласпаймыз. Шыны керек, ол кісінің бар екенін де ұмытып кеттік. Ол кісі іздемейді, араласпайды. Оның ешкім аяқ-қолын байлап отырған жоқ. Өзінің таңдауы. Арасында есіне түсіп кететіні бар. Балалар сағынышын айтып, жылап жатқан жоқ, - деді Сиви Махмуди “Жұлдызды weekend” бағдарламасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, өнер иесі мұрны бір-екі рет сынған соң, пластикалық отаға жүгінгенін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты