Бақыт Құсақбаева дзюдодан Азия чемпионатында медаль жеңіп алды

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
26.04.2025 16:29
173
Қазақстандық спортшы Бақыт Құсақбаева дзюдодан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Үшінші орын үшін белдесуде Құсақбаева Түрікменстан өкілі Майса Пардаеваны жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТЖМ күштері СҚО-ғы бөгеттерді нығайтуда
Келесі жаңалық
Алматыда өткен сенбілікте 800 тоннадан астам қоқыс шығарылды