Жаңалықтар

Бақыт Ибрагимнің өлімі: полиция істі тоқтатты

Бақыт Ибрагимнің өлімі: полиция істі тоқтатты
Фото: әлеуметтік желіден 29.11.2024 12:03 145

Қазақстандық кәсіпкер, Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алмалы ауданының полиция басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстардың бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс шеңберінде соталды тергеу жүргізді. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша іс жүргізу ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде тоқтатылды (іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты - еск.), - деп жауап берді Алматы Полиция департаменті.

Бұл шешімді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы бекіткені айтылған.

Еске салайық, биыл наурызда кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды деген ақпарат тараған еді. Онда Бақыт Ибрагим өзіне қол салғаны жазылған. Кейін полиция бұл деректі растады.

Еске салайық, 2018 жылы халықаралық іздеу жарияланған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланған болатын. Ол «Bank RBK» АҚ-нан аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға