Жаңалықтар

Банктік қызмет көрсету шарты

IV.ҮЛГІ
26.03.2014 08:38 14722

___________ қаласы/ауыл                               20__жылғы «__» __________

 

Бұдан әрi «Мемлекеттік мекеме» деп аталатын, ____________________                                                               (мемлекеттiк мекеменiң атауы)

атынан, 20__ жылғы «__» ___________бекiтiлген Ереже негiзiнде әрекет ететiн ______________________ басшысы, бiр тараптан және бұдан әрi Жарғы және 20 __жылғы « __ « ________ №_____ сенiмхат негiзiнде әрекет ететiн _______________ екiншi тараптан, бұдан әрi «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiне сәйкес төмендегi туралы осы Банктiк қызмет көрсету шартын (бұдан әрi – Шарт) жасады:

 

  1. Шарттың мәнi

 

1.1. Шартта көзделген жағдайларда Мемлекеттік мекеме ұсынған тiзiмдер негiзiнде Мемлекеттік мекеме қызметкерлерi мен стипендиаттарға (бұдан әрi – Алушылар) тиесiлi ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiн есептеудi Мемлекеттік мекеме өз қызметкерлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде тапсырады, ал Банк жүзеге асырады.

1.2. Ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия есептеудiң тәртiбi, Мемлекеттік мекеменiң Банкпен өзара iс-қимыл жасасуы, нақты есептелген ақша үшiн қаржылық қызметтер үшiн ақы төлем мөлшерi және мерзiмi, олардың кезектiлiгi Шартпен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

1.3. Алушыларға Банк ақша салымдары бойынша жинақ шоттарынан немесе ағымдағы шоттарынан жалақы және стипендия есептеудi жүзеге асыру жөнiндегi ұйымдастыру шарттары Алушы мен Банк арасында қызмет көрсету шарттарын жасаған кезде айтылады.

 

  1. Тараптардың мiндеттемелерi

 

2.1. Банк:

2.1.1. Келесi банктiк күннен кешiктiрмей Банктiң корреспонденттiк шотына Мемлекеттік мекеме аударған қаражат шегiнде ақша салымы бойынша жинақ шоттарына және ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiнiң сомасын есептеудi және Алушы мен Банк арасында жасалған шартта белгiленген мерзiмде Алушылардың бiрiншi талабы бойынша оларды қолма-қол ақшамен төлеуге;

2.1.2. Алушылардың шоттарындағы ақша қалдығына сыйақыны Алушының ақша салымдары бойынша жинақ шотына және/немесе ағымдағы шотына ақша есептеу сәтiнде әрекет ететiн Банк тарифтерiне сәйкес мерзiмде және ставкалар бойынша есептеуге;

2.1.3. Алушының шартында көзделген тәртiппен Алушыға көшiрме ұсынуға;

2.1.4. Алушылардың ақша салымдары және ағымдағы шоттары жөнiндегi жинақ шоттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың әрекет ету мерзiмiне қарамастан, олар бойынша жасалатын операциялар бойынша банктiк құпияны сақтауға кепiлдiк беруге мiндеттенедi.

2.2. Мекеме:

2.2.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарын немесе шот карталарының нөмiрiн тiркейтiн, төлемдер аударудың тiзiмiн жасайтын, Алушыларға қызмет көрсетуге байланысты Банктiң ағымдағы жұмысын жүзеге асыратын жауапты тұлғаны айқындауға;

2.2.2. Мемлекеттік мекеме мен қызметкер арасында жасалған жеке еңбек шартында белгiленген мерзiмде Алушылардың пайдасына Банкке ақша аударуды жүзеге асыруға;

2.2.3. Алушыларды ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына түсетiн ақша сомалары туралы ақпараттандыруға;

2.2.4. Алушы Мемлекеттік мекемеден жұмыстан босатылған немесе Алушы Мемлекеттік мекемемен еңбек қатынастарын бұзған жағдайда бес күнтiзбелiк күн iшiнде бұл туралы Банкке жазбаша хабарлауға;

2.2.5. Банкке тиiстi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi куәландырған, ал республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бойынша – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес куәландырылған екi данада қол қою үлгiлерi және мөрбедерi бар құжатты беруге;

2.2.6. Мөртаңба жоғалған және құжаттардағы қол қою үлгiлерi өзгерген жағдайда келесi күннен кешiктiрмей Банкке хабарлауға;

2.2.7. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шотына немесе ағымдағы шотына есептелетiн жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерiнiң аударылатын сомасының %-ы ______ есебiмен айырысудан аударған күнi Банкке қаржылық қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.

 

  1. Тараптардың құқықтары

 

3.1. Банк:

3.1.1. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзғаны туралы айғақтайтын фактiлердiң болуы, сондай-ақ, егер төлем құжатында көрсетiлген сома тiзiмде көрсетiлген сомадан асып кеткен жағдайда Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiн есептеу бойынша операциялар жасаудан бас тартуға;

3.1.2. Мемлекеттік мекеменiң ұсынылған төлем құжатына және тiзiмiне сәйкес жүргiзiлген Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына есептеудiң күшiн жоюға арналған сұрауынан бас тартуға құқылы.

3.2. Мемлекеттік мекеме:

3.2.1. Тозу немесе мөрлердiң жоғалуы туралы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайда өтiнiш негiзiнде мөр әзiрлегенге дейiн қол қою үлгiлерi бар құжатта көрсетiлген қолдары болған кезде мөрдiң жоқтығы туралы белгi қойып, төлем құжаты арқылы қызмет көрсетiлуге құқылы.

 

  1. Тараптардың жауапкершiлiгi

 

4.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына уақтылы жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерiн есептемегенi үшiн, сондай-ақ ақшаны заңсыз есептен шығарғаны, Алушының өтiнiшiн тиiсiнше орындамағаны немесе орындамағаны үшiн Банк Шартқа сәйкес Алушының пайдасына айыппұл төлейдi.

4.2. Төлем құжаттарында көрсетiлген деректемелердiң толықтығына және дұрыстығына, сондай-ақ Банкке электронды және қағаз нысандарында ұсынылған тiзiмдердегi ақпараттың анықтығы үшiн оларды ұсынған Мемлекеттік мекеме жауап бередi.

 

  1. Шарттың қолдану мерзiмi және оны өзгерту және бұзу тәртiбi

 

5.1. Шарт әрбiр Тарап үшiн бiр-бiр данадан екi тiлде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде заң күшi бiрдей 2 (екi) данада жасалды. Шарт ол аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде ____ тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 20___жылғы 31 желтоқсанға дейiн әрекет етедi. Бюджеттiк шығыстар сыныптамасының _____________ коды бойынша мiндеттемелер сомасы ________ теңгенi құрайды.

5.2. Шартқа енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар жазбаша түрде ресiмделген және оларға екi Тараптың да уәкiлеттi тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады, одан әрi олар Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

Шарт бойынша жұмыстардың (қызметтердiң) құнына байланысты өзгерiстер олар _____________________________ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеген кезде күшi бар.

5.3. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапты бұл туралы жазбаша нысанда оны бұзу ұйғарылып отырған күнге дейiн кемiнде он күн iшiнде хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.

 

  1. Дауларды шешу

 

6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келiссөздер арқылы шешiледi. Тараптар уағдаластыққа келмеген келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

6.2. Тараптар Шарт бойынша барлық мүмкiн болатын талаптарды Тараптардың оларды алған сәттен бастап он күн iшiнде қарауы тиiс деп белгiлейдi.

 

  1. Форс-мажор

 

7.1. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердi iшiнара және толық орындамағаны үшiн, егер бұл орындамаушылық мынадай жағдайлардың себебi болып табылса: Шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға тiкелей ықпал еткен қауiптi табиғи жағдайлар, өрт, су тасқыны, зiлзала, iндеттер, соғыс қимылдары, уақытша электр энергиясының және телекоммуникациялық байланыстың болмауы және т.с.с. жауапкершiлiктен босатылады.

7.2. Тараптар бiр-бiрiне деректемелерiнiң (заңды мекенжайы: шот нөмiрi және т.б.) өзгергенi туралы дереу хабарлайды.

7.3. Тараптардың бiрi қайта ұйымдастырылған кезде Шарт бойынша барлық құқықтар мен мiндеттемелер Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.

 

 

8. Тараптардың мекенжайы мен деректемелерi

 

Тараптардың қолы:

 

           Банк                                                     Мемлекеттік мекеме

  ___________________                                     ______________________

  ___________________                                     ______________________

  ___________________                                     ______________________

 

 

                     М.О.                                                                   М.О.

 

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға