Жаңалықтар

Банкрот деп танылған тұлғаларға қандай шектеулер бар

Банкрот деп танылған тұлғаларға қандай шектеулер бар
Фото: Амангүл Тілейқызы 17.05.2024 19:21 746

Елімізде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 2023 жылдың 3 наурызынан бастап 97 мың өтініш қабылданды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің журналистермен кездесуінде вице-министр Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Вице-министрдің айтуынша, оның ішінде 80 мыңынан бас тартылып, 11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.  

25 млрд теңгеден астам есептен шығарылды. Заңға екінші деңгейлі банктермен реттеу бойынша құжат қосымшаларын алып тастау, берешек сомасын және кредиторды көрсетуді талап етпеу, өлшемшарттады кеңейту бойынша өзгертулер әзірленіп жатыр. Өлшемшарттар кеңейтіледі, – деді Ержан Біржанов.  

Өңірлер бойынша келесідей банкроттыққа өтініш келіп түскен: 

Алматы облысы - 11482 

Алматы қаласы - 8168 

Жамбыл облысы - 7681 

Түркістан облысы - 12499 

Қызылорда облысы – 7202 

Бұл ретте ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев түсіндіру арқылы көп нәрсені жеткізуге болатынын айтады.  

Егер сізді банкрот деп таныса, онда бірқатар шектеу шаралары бар. Шетелге шығу, қосымша кредиттер алу деген сияқты. Біз адамдарға жеңіл болу үшін бірқатар құжаттарды заң жүзінде алып тастадық. Бұл жағынан біз процесті жеңілдеттік, – деді қаржы министрі Мәди Тәкиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға