Жаңалықтар

Банк менеджері тұрғындардың атынан 21 млн теңгеге несие рәсімдеп алған

Банк менеджері тұрғындардың атынан 21 млн теңгеге несие рәсімдеп алған
Фото: © Polisia.kz 11.01.2024 19:22 1020

Банк менеджері тұрғындардың атынан несие рәсімдеп, 21 миллион теңге қаржыны қалтасына басқан. Бұл факт Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне бір топ аудан тұрғындары арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс адам заңсыз несие рәсімдеп алған.

Оқи отырыңыз: 

Аталған фактіні полицейлер  «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Белгілі болғандай, 31 жастағы күдікті жігіт банк қызметкері болып жұмыс істеп жүрген уақытында өз мәселелерімен алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған. Осылайша ол 47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі - 21 миллион теңге.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға