Бангладеш пен Мьянмадағы циклоннан 500 мыңнан астам эвакуацияланды
Фото: bbc.com
Фото: bbc.com
14.05.2023 17:21
926
Бангладеш пен Мьянма жағалауларына қуатты циклон келіп, бесінші деңгейлі дауыл соқты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ВВС агенттігінің мәліметі бойынша, табиғи апаттан айтарлықтай қауіп төніп отыр.
Мокко циклоны нөсер жауын мен 195 км/с дейін жылдамдықтағы жел әкеледі. Оның салдарынан Бенгал бұғазы маңында қауіпті су тасқыны болуы мүмкін екені болжанған.
Төрт метрге дейін биіктіктегі толқындардың кесірінен ауылдарды су басуы, әлемдегі ең ірі босқындар лагері саналатын Кокс-Базарға қауіп төндіруі мүмкін. Онда миллион адам тұрады.
Синоптиктер Мокко Бангладеште соңғы жиырма жылдағы ең қуатты циклон болуы мүмкін екенін ескертті. 500 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға