Балықшы 216 келілік тунец ұстады

Фото: © pixabay.com
Фото: © pixabay.com
13.04.2025 06:14
472
Тайваньда балықшы салмағы 216 келі болатын алып тунец ұстады, оның бағасы 67 мың фунт стерлингке – яғни 45 миллион теңгеден астам сомаға – жетуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Need To Know басылымының мәліметінше, балықшы Линь Ицзюнь бұл балықты ұстағанда өзін «лотерея ұтып алғандай» сезінгенін айтқан. Себебі 48 жастағы ер адам алғаш рет осындай алып балықты қармағына түсіріпті.
Линь Ицзюнь маусымдағы алғашқы ірі балығын бірнеше күн теңізде болып, жем ретінде кальмар мен скумбрия қолдану арқылы аулаған. Балықтың нақты бағасы әлі бекітілген жоқ, бірақ балықшы аукционда бұдан да жоғары бағаға сатылады деп үміттеніп отыр, – деп жазады басылым.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жапонияда 76 мың адам жалғыздықта көз жұмған