Жаңалықтар

Балық шаруашылығын дамыту үшін түркістандық 24 кәсіпкер мемлекеттен қолдау алған

Балық шаруашылығын дамыту үшін түркістандық 24 кәсіпкер мемлекеттен қолдау алған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 05.08.2024 06:25 439

Түркістан облысында жарты жылда "Ауыл аманаты" бағдарламасымен балық шаруашылығын дамыту мақсатында 24 кәсіпкер мемлекеттен қолдау алған. Оларға 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие берілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл жарты жылда облыстағы балық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындары 4 900 тонна балық өнімдерін шығарған.

"Ауыл аманаты" бағдарламасының арқасында кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі - Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округінің тұрғыны Нұрлыбек Әлтеков. Балық шаруашылығын кәсіп еткен тұрғынынң шаруашылығымен аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы барып танысты. Кәсіпкер жаңа жобаның тиімділігіне айрықша тоқталып, тоған жұмыстарымен таныстырды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, шаруа «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8 млн 300 мың теңге көлемінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастаған. Шаруа қожалық иесі биыл мамыр айында 10 мың сазан шабағын арнайы қазылған тоғанға жіберген. Қазіргі уақытта бұлақ суын ұтымды пайдаланған кәсіпкер өнімін сатуға дайындауда.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға