Жаңалықтар

Балық аулауға барған. Петропавлда 56 жастағы тұрғын суға батып кетті

Балық аулауға барған. Петропавлда 56 жастағы тұрғын суға батып кетті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 16.06.2023 11:15 979

Петропавлда 56 жастағы ер адам балық аулауға барып суға батып кетті. Бұл биылғы шомылу маусымы басталғалы тіркелген алғашқы оқиға, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға өткен аптада 7 маусым күні Петропавлдағы «Восточный берег» дәмханасының маңында болған. Балық аулауға келген ер адам сағат 13.00 шамасында суға кетті. Құтқарушылар балықшының денесін сол күні тапты, айтуларынша, қарапайым ережелерді сақтамаған, құтқару жилеті болмаған, спирттік ішімдік ішкен.

Восточный берег» дәмханасының жанында суға шомылуға болмайды. Осындай халық баратын орындарға ескерту белгілерін қойып шықтық, бірақ тұрғындар, демалушылар оны өздігінен алып тастайды. Бұл әрекеттен қауіп жоғалмайды. Сондай-ақ жауапкершіліктен де құтылмайды. Әкімшілік кодексте 364 бап бар, яғни бұл рұқсат етілмеген жерге суға шомылуға байланысты. Бірінші рет ескертіледі, екінші рет бір жылдың ішінде қайталаса айыппұл салынады. Көл басында спирттік ішімдік ішкендерге де жауапкершілік бар, - дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға