Жаңалықтар

Балтозаң және оның емдік қасиеті

Денсаулық
Балтозаң және оның емдік қасиеті
10.02.2017 17:38 14063

Балтозаң және оның емдік қасиеті

Адам ағзасының иммундық жүйесін нығайтуға  әсер ете алатын таптырмас нәрсе бар. Ол – балтозаң.  Жаһанданған дәуірде біз пернетақталардағы түймешелерді басып отырып қана жұмыс бітіреміз. Қалыптан тыс жарық пен компьютерден бөлінетін сәулелерден қорғанудың амалдары да ғалымдар тарапынан қарастырылып жатыр. Алайда ғалымдар қорғаныс құрылғысын ойлап таппайынша біз компьютер мен ғаламторға жоламаймыз деп айта аламыз ба? Жоқ, әрине! Ендеше монитор алдында отыратын әрбір адам денсаулығының сыр бермеуіне жағдай жасауы тиіс.

Сонымен балтозаң деген не?

Аты айтып тұрғандай гүл тозаңдарының жиналып, үстіне бал құйылған араның «нанын» балтозаң деп атаймыз. Қарапайым тілмен түсіндіре кететін болсақ, табиғаттағы барлық жаратынды ұрпағының халі үшін тіршілік етуден жалықпайды. Адам психикасын алар болсақ, өзімізге  қымбатсынған дүниені кейінге ысырғанымызбен, баламызға келгенде жақсы мен жайсаңды сол ұрпағымыздың алдына қойып, аузына тосқымыз келмей ме? Аралар да балтозаңды дәл сондай мақсатта жинайды. Демек,  балтозаң дегеніміз араның дернәсілді (личинкасы) қоректендіруге жинаған минералды заттар мен дәрумендерге бай азығы. Әлбетте ара да ұрпағы үшін шырынында табиғи мол қуат бар гүлдердің тозаңын жинақтайды. Тек қана жинақтаған кезде емес, балтозаң ұяшыққа құйылып, балға араласып дайын болғанға дейін де құнарлана түседі. Табиғатынан мықты диетолог болып табылатын араның «нанының» емдік қасиетінің артықшылығын енді саралай беріңіз. Балтозаң тіпті біздің ағзамыз өзі қажет ететін, бірақ өзі қамтамасыз ете алмайтын пайдалы заттарға бай. Балтозаңның адамзат ағзасы үшін пайдалылығын алмастыратын табиғи зат әлі табылған жоқ. Сондықтан егер балға аллергиясы болмаса, оны жас балаға, жүкті анаға да қабылдай беруіне болады.

Пайдасы:

  • Жүйке мен эндокриндік жүйелердің дереу қалыпқа келуіне ықпал етеді
  • Ішек-қарын жолын реттейді
  • Асқазан жарасын жазады
  • Тоқ ішек пен он екі елі ішек; ұлтабарға пайдасы бар
  • Қан аздық пен гемоглобинге таптырмайтын ем
  • Ағзаның түрлі инфекцияларға қарсы тұруын ұлғайтады
  • Ең бастысы иммундық жүйенің қызметін арттырады
  • Еркектік қабілетті арттырады
  • Есте сақтау қабілетін жақсартады

Кеңес

Балтозаңда аллергендік бактерия жоқ болғандықтан, тозаңға аллергиясы бар адамдар оны қорықпай пайдалана беруіне болады. Күніне  бір шай қасық қабылдау арқылы, сіз жөнсіз шаршау, жұмысқа деген құлықсыздықтан арыласыз. Сонымен қатар, балтозаңды қабылдау сіздің бюджетіңізді үнемдейді. Қалай дейсіз бе? Көктем жақындап келе жатыр. Адам ағзасы дәрумен тапшылығы жетіспейтіндігінен хабар береді. Осы кезде сіз дәрумен сатып алу үшін дәріханаға барасыз. Ал балтозаңның бағасы дәрумендерден арзан және құрамында барлық дәрумендер бар. Бал арасы оны экологиялық таза аймақтардан, күніне 300 шақырым ұшып жүріп жинайтынын білемісіз? Аралар энергияға бай жәндік иесі. Демек олардың бөлген толқын дірілдері мен таза өрістен жинаған тозаңдарының пайдасы ұшан-теңіз.

Қайдан алуға болады?

Таза балтозаңды омарташылардан алуға болады, немесе арнайы бал бизнесімен айналысатын сенімді серіктер де балтозаң сатумен айналысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға