Жаңалықтар

Балқашта мұз үстінде қалған3 балықшы құтқарылды

Балқашта мұз үстінде қалған3 балықшы құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 13.01.2024 18:45 907

Кеше кешкі сағат 17-00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы мұздың үстінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТМЖ-ге сілтеме жасап.

Сағат 20-30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға тасымалдады. Сондай-ақ, жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды.

Осы ретте министрлік төмендегі жайттарды қатаң ескеруді ұсынады: 

- өтуге арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы: кем дегенде 10 см;
- қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлерді айналып өту керек;
- жүрілген жолдарды пайдалану керек;
- мұз үстінен топпен өту кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта жүру керек;
- балық аулау кезінде шектеулі аумақта бірнеше тесік тесіп, үлкен топ болып жиналуға болмайды;
- әрбір балықшының жеке құтқару құралы (жилет, белбеу және т.б.) болуы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға