Жаңалықтар

Балқашта бір жарым жасар бүлдіршінді жылан шағып алды

Балқашта бір жарым жасар бүлдіршінді жылан шағып алды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.07.2023 16:18 1043

Балқаш қаласында бір жарым жасар бүлдіршінді жылан шағып, ауруханағ жеткізілді. Сәбидің ата-анасы болған оқиғадан соң медициналық көмекке бірден жүгінбегендіктен комаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балқаш қаласының орталық ауруханасы дәрігерлері тексергеннен кейін бала жансақтау бөліміне жатқызылған. Жағдайы нашарлап, орталық жүйке жүйесі зақымданған.  Дәрігерлер нефролог, реаниматолог, қан тамыр хирургы құрамында республикалық мамандардың қатысуымен жиналыс өткізді.

Кейін баланың жағдайын ескеріп, мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін санитарлық авиациямен Қарағанды ​​қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізуді ұйғарған.

Баланың Қарағанды ​​ауруханасында жатқанына 15 күн болды. Ол комада жатыр. Бүгінде медицина мамандарының күш-жігерімен кішкене болсын оң динамика байқалады. Бала өкпенің жасанды вентиляциясынан шығарылды. Сәбидің тезірек сауығып кететініне шын жүректен сенеміз, - делінген Ұлттық орталық мәліметінде.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер ата-аналарға ескерту жасап, балаларына мұқият қарауға шақырады.

Егер осындай оқиғаға тап болсаңыз ешқашан уды сығып шығаруға тырыспаңыз. Мұның арты асқынуларға әкелуі мүмкін. Ең алдымен у таралмауы үшін жараны таза таңғышпен байлап, оның қозғалысын шектеу керек. Және зардап шегушіні тезірек ауруханаға жеткізіңіз. Ауруханада оған қажетті көмек көрсетіліп, жылан уына қарсы дәрі беріледі, - деді мамандар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға