Жаңалықтар

Балқашқа 13,5 текше метр су жіберілді

Балқашқа 13,5 текше метр су жіберілді
Фото: baq.kz 08.11.2024 09:50 356

Биыл Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше метр су жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ақпаратынша, көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 метрге жетті.

Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық.

Еске салсақ, Каспий теңізіне жыл басынан бері Жайық өзені арқылы 16,7 миллиард текше метр су жіберілгенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға