Жаңалықтар

Балконнан лақтырып жіберген: Ақмола тұрғыны есірткіні полицейлерден жасырмақ болды

Балконнан лақтырып жіберген: Ақмола тұрғыны есірткіні полицейлерден жасырмақ болды
Фото: t.me/KZgovernment 15.01.2024 22:41 712

Ақмола облысында есірткі сатушы ұсталды. Ол тәртіп сақшыларын көрген кезде «тауарды» балконнан лақтырып жіберген. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операцияны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорда маңындағы Қосшы қаласында өткізді. Жедел қызметкерлердің айтуынша, марихуана есірткі затын сатумен айналысатын 40 жастағы азамат заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін соттылығы бар. Олар сатушыны тұрғылықты жері бойынша ұстады, алайда күдікті полицейлерді көрген кезде алдыңғы есікті ашпай, балкон арқылы 10-ға жуық сіріңке қорапшасын, доза бойынша оралған есірткіні лақтырып, «тауардан» құтылуға тырысқан, - делінген мәліметте.

Ұстау және тінту кезінде полицейлер тоңазытқышта тағы 83 «бүршік» деп аталатын нәрсені тапты. Сараптама көрсеткендей, алынған зат – салмағы 500 грамм болатын марихуана. Сондай-ақ тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі құралдарын қолдануға арналған түрлі құрылғыларды және оларды доза бойынша өлшеуге және өлшеп-орауға арналған заттарды тәркіледі.

Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ақмолалық қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға