Жаңалықтар

Бали аралына кіру үшін туристер ақы төлейтін болды

Бали аралына кіру үшін туристер ақы төлейтін болды
Фото: © Pixabay.com 25.02.2024 07:26 624

Индонезияның Бали аралына кіру үшін шетелдік саяхатшылар енді туристік алым төлеуі тиіс. Оның бағасы 9 еуро, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түскен ақша қоршаған ортаны қорғау, мәдениет пен инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Алымның бір бөлігі аралдағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Танымал туристік қалалар үшін мұндай тәжірибе таңсық емес. Мәселен, Барселонада ол бұрыннан бар. Ал Венецияда көктемнен бастап енгізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға