Жаңалықтар

Баласына «Алтын белгі» алып беру үшін ата-аналар ештеңеден тайынбайтын болған - министр

Баласына «Алтын белгі» алып беру үшін ата-аналар ештеңеден тайынбайтын болған - министр
Фото: facebook.com 19.05.2023 12:43 681

«Алтын белгіні» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке барады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев Талдықорғанда өтіп жатқан жиында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осы күні «Алтын белгі» балаға емес, ата-анаға қажет сынды. Себебі, ата-ана мақтану үшін, «Алтын белгіні«баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек, - деді  Ғани Бейсенбаев.

Ол жиында білім беру қызметінің барлық бағыттарын түбегейлі қайта қарап, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша кешенді жұмыс жүргізу керек деп айтты. Әрбір директор мен бухгалтердің қызметтегі мінез-құлқы, пайдакүнемдік мүддесінің болуы мұқият зерттелуі қажет. Облыстық білім басқармалары басшыларының жұмысы да осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болатынын да жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға