Жаңалықтар

Баласын дұрыс тәрбиелей алмаған 8 мың ата-ана есепке қойылды

Баласын дұрыс тәрбиелей алмаған 8 мың ата-ана есепке қойылды
Фото: © Polisia.kz 29.01.2024 20:35 737

Елімізде өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамаған 8 мың ата-ана есепке қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ-де атап өткендей, “Тұрмыс” республикалық іс-шарасы барысында өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке қойылды. Оның ішінде мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 201 факті бойынша кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыруға материалдар жіберілді. Атап айтар болсақ, Петропавлда жас ана емханаға шақырылған уақытта баласын алып келмей жүргені туралы дәрігерден хабарлама келіп түскен. Тексеру кезінде ананың ішімдік ішкені, нәрестенің шұғыл көмекке мұқтаж екені белгілі болды. Полиция баланы нәрестелер үйіне орналастырып, ал анасын нарколог дәрігердің есебіне қойды және әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот шешімі бойынша алкоголизммен ауыратын 206 адам наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызылды. Жүктелген міндеттерден қасақана жалтарғаны үшін сотталған 101 адамға қатысты, соттарға жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсынымдар жіберілді. 34 шартты түрде мерзімінен бұрын босаған адамға қатысты өтініш қанағаттандырылып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Бұрын сотталған 91 адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғаны үшін соттар ішкі істер органдарының өтініш хаты бойынша әкімшілік қадағалау белгіленді.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға