Жаңалықтар

Баласы үшін 100-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды

Баласы үшін 100-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды
Фото: Polisia.kz 19.04.2025 20:30 274

Алматыда халық көп шоғырланған аудандарда полиция қызметкерлері түнгі уақытта балалардың жүріс-тұрысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласында “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. 

Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, панасыз және қараусыз қалған жасөспірімдерді анықтау, сондай-ақ отбасылармен және жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

Мәселен, Алматы қаласының Әуезов ауданында ювеналды полиция қызметкерлері іс-шараның алғашқы тоғыз күні ішінде түнгі уақытта балаларының көшеде жүруіне жол берген және басқа да құқық бұзушылықтар жасаған 100-ден астам ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Панасыз және қараусыз қалған 8 жасөспірім балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Сонымен қатар ювеналды полиция бөлімшесінде бала тәрбиелеу міндеттерін орындамаған 3 отбасы мен 4 кәмелетке толмаған бала есепке алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға