Балақайдың арқасында 55 жастағы әйел құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
25.01.2025 20:25
686
Астанада 55 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконында қамалып қалған. Ол аулада өтіп бара жатқан балақайдан көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кішкентай бала 112 нөміріне хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақырған.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жеткен. Құтқарушылар 5-қабаттың балконынан 4-қабаттың балконына альпинистік жабдықтың көмегімен түсіп, есікті ашуға көмектесті.
Құтқару операциясының кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте Оқушылар сарайы пайдалануға берілді