Жаңалықтар

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.10.2023 17:30 4372

Бүгін біз елордадағы балалбақша қызметкері Жазира Тұрсынованың бір күндік жұмысымен танысып қайттық. Кейіпкеріміздің бұл салада 10 жылдан астам тәжірибесі бар, білікті маман. 

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Жазира Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде физика саласы бойынша оқу бітірген. Дегенмен педагогика саласына деген қызығушылығы пайда болып, мектепке дейінгі білім беру маманы бойынша қосымша білім алған.

Ең алғашқы жұмысқа орналасқан сәттен бастап кішкентай балалармен бірге жұмыс істеген қатты ұнады. Бүгінге дейін бірнеше  балабақшада жұмыс істедім. Балалармен жұмыс істегенде ең алдымен баланы шексіз жақсы көру керек. Бұл салада мансапқа емес, балаға деген махаббат жоғары болуы тиіс. Балаға өзіндегі барды беруге тырысасың. Өйткені біз баланың балабақшадағы өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беретін ең бірінші маманбыз. Сондықтан ең алдымен баланы шексіз жақсы көру керек. Ал қалғаны тәжірибемен келе береді, - деді кейіпкеріміз.

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Балабақшаның жұмыс кестесі таңертеңгі 07:30-дан кешкі 18:30-ға дейін. Әр  топта екі тәрбиеші ауысыммен жұмыс істейді және оған бір көмекші қарастырылған.

Таңғы ауысымдағы тәрбиеші 07:30-дан 13:30-ға дейін жұмыс істесе, түскі ауысымда 13:15-те келіп, ауысымды қабылдап алады да кешкі 19:30-ға дейін жұмыс істейді. Осылайша, екі тәрбиеші ауысып отырады. Көмекшісінің кестесі сағат 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейінгі уақытта. Бұл күні Жазираның жұмысы түскі ауысымда басталды. Дегенмен Жазира күнделікті уақытынан ерте келді. 

Жазира «Балдәурен» тобының тәрбиешісі. Тобында 20 бала бар, олардың жастары – 6-да. 

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Жұмыс уақыты 07:30-да басталғанымен, сағат 07:00-де жұмыста боламыз. Жұмысқа жеткізіп салатын көлік қарастырылған. Жұмысқа келген бойда ең алдымен  қауіпсіздік ережесіне сәйкес барлық жерді тексеріп шығамыз. Тазалық жұмыстарын жүргізіп, 10-15 минутқа кварцты қосып қоямыз, - деді маман.

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Жазираның ауысымы бастала салысымен, балалардың түскі асын беріп алды.  Аздаған үзілістен соң балаларды жаттығу залына апарып, бойларын шынықтырды. Балалар ойын ойнап, жаттығу жасады.

Кейіпкеріміз дене шынықтыру маманымен бірге балалардың жаттығуын қадағалады.

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Өз кезегінше, қосымша ақы бөлімінің қызметтеріне жазылған балалар би өнерімен де айналысты. Би – қосымша негіздегі сабақ болғандықтан көбінесе қыздардың қатары көп болды. Осы уақытта ер балалар каратэ сабағында жүрді. Жазира әр баламен жеке жұмыс істеп, олардың нәтижесін қадағалап жүрді.

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Балаларға сабақтарды  кесте бойынша ғана шектемей, әрқайсысының қызығушылығына байланысты қосымша сабақтарды өтеміз. Қазіргі таңда балабақшада «эйкерс» шкаласын енгізді. Бұл шкала бойынша бала нені оқығысы келетінін өзі таңдайды. Мысалы, 5-6 бала математика орындап жатса, 5-6 бала сауат ашу, басқа балалар сурет салып жатады немесе спорт үйірмелеріне барады, - деді тәрбиеші маман.  

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Балабақшада спорт үйірмелерімен қатар, ғылым-білімді ізденуге көмектесетін космокванторинг кабинет те қамтылған. Онда балалар аспан әлемін зерттей алады. Ғарышкерлерге арналған кішігірім мұражайды да көруге болады.

Соңғы уақытта балалардың ғылымға қызығушылығы азайып бара жатыр. Сондықтан олардың ғылымға қызығушылығын арттыру мақсатында балабақша ішінде космокванторинг ашылды. Ол жерде балалар жұлдыздарды, планеталарды зерттейді. Интерактивті еден арқылы балалар ремоторикасын дамытады. Осылайша, балалардың космос туралы білімін жетілдіреміз, - дейді Жазира. 

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Сонымен қатар кейіпкеріміз балалардың бойын ғана емес, ойын да шынықтыру мақсатында ерекше психолог бөлмесіне алып келді. Бұл олар үшін сергіту сәті. 

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Балалар міндетті түрде күніне екі мәрте таза ауаға серуендеуге шығады. Жазира балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі қашанда басты назарда екенін айтты.

Таңертең балаларды балабақшаға қабылдап жатқанда олардың денсаулығына көңіл-күйіне назар аударамыз. Егер баланың мазасы болмай тұрса, балабақшадағы педиатр маманға жіберіп, тексереміз. Дәрігер баланың сырқаты асқынып жатқанын байқаса, қабылдамай бірден үйіне жібереміз. Тәрбиешімен қатар дәрігерлер де балалардың денсаулығын назарда ұстайды. Балалар жылына екі рет көктемде және күзде тұзды шахтаға барады. Оның бір курсы 10 күнді құрайды. Әр топтың өзінің кестесі болады, - деді кейіпкеріміз Жазира.

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Кейіпкеріміз топтық жұмыс кезінде әр балаға ерекше назар аударып отырды. 

Дидактикалық ойындар ұйымдастырып, үлгерімі төмен балалармен қосымша сабақтар өткізді. Бұл уақытта қалған балалар көмекшісімен бірге робототехника сабағына қатысты. Жазира әр баланың күнделікті кестесін балабақшаның электронды күнделігіне жариялап отырады. 

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

Балалар кешкі асын ішкеннен кейін далаға шығып ойнайды.  Одан кейін ақырындап үйлеріне қайта бастайды. 

Балабақшаның электронды сайтында балалардың күнделікті кестесі көрсетіледі. Онда тәрбиешілер әр баланың күнделікті немен айналысқанын, жетістіктерін суреттерімен салып отырады. Бұл мектептегі оқушының жеке күнделігі сияқты. Ата-аналар да электронды жүйе арқылы кері байланысқа шығып, сұрақтарын қойып отырады. Жұмыс барысының барлығы ата-аналар мен басшылықтың назарында болады, - дейді Жазира.

Жазира жұмысында ата-аналардан шағым түсетін кездер де болатынын жасырмады.

Жұмыс болғаннан кейін ата-аналардың тарапынан шағым түсетін кездері де болады. Себебі, бес саусақ бірдей емес. Бұл жағдайда ең бастысы баланың жүрегінен жол тапсаң болды, сол кезде ата-аналардан да шағым болмайды. Тәрбиеші болғандықтан жұмыста  еш уақытта ата-анамен сөзге келмеу керек. Қандай жағдай болмасын барлығын мәдениетті түрде түсіндіру қажет. Сосын ата-ана үйге сұрақпен кетпеуі керек. Балада бір мәселе туындады ма? Оны ата-ана келгеннен бастап түсіндірген абзал. Сондықтан үйге сұрақпен кеткен ата-ана ертеңіне тәрбиешіге шағыммен келеді, - деді ол.

Баланы шынайы жақсы көру керек – тәрбиеші

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға