«Балама жала жауып отыр»: 12 жастағы қызын зорлаған ер адам туралы сұмдық дерек шықты

Алматы қаласының 38 жастағы тұрғыны өзінің күйеуі туған қызын зорлады деп айыптап, журналист Руслан Өтепбайға жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналист Руслан Өтепбай бұл іс бойынша қыздың әжесі мен әпкесінен сұхбат алды. Сұхбат барысында ер адамның кінәсіз екенін жақындары растап отыр. Олардың айтуынша, жәбірленуші қыздың жігіті болған, ал әкесі бұны біліп қойған соң оны соққыға жыққан. Осыған ренжіген қыз бен анасы осындай айып тағуға шешім қабылдаған болуы мүмкін деген пікір білдірілді.
Баламды келінім бекер кінәлап отыр. Ол қызын зорлады деп мойындатпақшы болды. Қызымның жүріп жүрген жігіті бар екенін келінім сотта да растады. Бірақ осындай жала жапқанына таң қаламын. Балам ішпейді де, есірткі қолданбайды. Оның екі қабатты үйі мен көлігі бар. Келінімнің мұндай қадамға баруының себебі – осы мүлікке қол жеткізу шығар деп ойлаймын, – дейді айыпталушының анасы.
Сот процесі барысында айыпталушының әпкесі де бұл іске күмән келтіріп, келіні мен қыздарының шындықты жасырғанын айтты.
Оқиға болғаннан кейін келінім бізді бөлімшеге шақырды. Сол жерде қыз әкесімен жеке сөйлескісі келетінін айтты. Бірақ тек жылап отырды. Ал анасы арызын қайтарып алғысы келетінін жеткізді, алайда полицейлер оған рұқсат бермеген, – деп мәлімдеді Әлібектің әпкесі.
Соттың шешімі бойынша, ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
