«Балама ота керек». Дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаштың жағдайы қалай
БАӘ-де елшінің кеңесшісі болған дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш қазіргі өмірі жайлы Ертісбаевтың youtube арнасына айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі қайта тіл табысу үшін ешқандай қадам жасамаған. Тіпті, балаларына да суық болған.
Қазіргі уақытта ол (күйеуі-ред.) алимент төлейді. Ол бірақ ұлыма операция жасауға қарсы. Мен қазір белгілі жобалар бойынша жұмыс жасап, мүмкіндігінше ақша жинап жатырмын. Балама Қазақстанда ота жасайтын мамандар болса, жақсы болар еді, - деді Карина Мамаш.
Карина Мамаш дағдарыс орталығында толық алты ай болған. Қазір гимнастикадан сабақ беретін бапкерінің үйінде тұрып жатқанын жеткізді.
Ол қазіргі уақытта мектепте жұмыс істеп жүргенін мәлімдеді. Сонымен қатар, сән салондарында модель қызметін де атқарып жүргенін айтты.