Жаңалықтар

«Балаларға чип салу керек». Хайп жасаған мәслихат депутаты Мәжіліске барғысы келеді

«Балаларға чип салу керек». Хайп жасаған мәслихат депутаты Мәжіліске барғысы келеді
Фото: instagram.com/gulzhainadarimova777 09.08.2023 11:27 2626

Павлодарлық мәслихат депутаты Гүлжайна Даримова бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға чип салуды ұсынған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Енді ол Мәжіліс депутаты болуды көздейді. Даримова балалар мәселесімен түпкілікті айналыспақ. Заңды өзгертуге атсалысатынын да алға тартып отыр.

Мәжіліске барамын, балаларды ренжітпеу үшін заңды өзгерту керек. Біздің балаларымыз қорғалуы қажет. Менен бөлек мұны ешкім қолға алмайды. Зорлық-зомбылық пен буллинг құрбаны болып жатқан балалардың мәселесін айтуымыз керек, - деді ол.

Мәслихат депутаты мұның алдында әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға чип салуды ұсынған. Тіпті оларды түрмеден жазасын өтеп шыққан адамдармен салыстырды.

Менің ойымша, бұл балаларды да есепке қойып, кеш сайын қайда екендіктерін біліп отыру керек. Тексеріс кезінде үйінде болмаса, бірден оларды интернатқа немесе арнайы орталыққа жіберу керек. Жағдайы төмен отбасынан шыққандар біздің балаларымыз үшін қауіпті. Не үшін олар көшеде емін-еркін жүруі тиіс? Үйінде отырсын. Фильм көрсін. Кітап оқысын. Ата-аналарынан тәрбие алсын, - деді Гүлжайна Даримова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға