Жаңалықтар

Балаларға арналған лагерьлер. Кәсіпкерлер мен ата-аналар білуі тиіс талаптар

Балаларға арналған лагерьлер. Кәсіпкерлер мен ата-аналар білуі тиіс талаптар
Фото: gov.kz 19.06.2023 11:30 1056

Жазғы мектеп демалысының басталуына байланысты жазғы сауықтыру лагерьлеріне дайындық мәселелері өте өзекті. Осы орайда Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті лагерьлерге қатысты бірқатар ережені сақтауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлық сауықтыру ұйымдары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптары – санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сауықтыру ұйымдары үшін осы талаптарды сақтау міндетті болып табылады. 

Балалар лагерлерге келіп орналасқанға дейін барлық қала сыртындағы лагерьлер белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. 

Ашылу алдында шомылу орындарындағы ауыз су, бассейндер мен су айдындарының су сынамаларына зертханалық зерттеу жүргізіледі, топырақ пен құм тексеріледі.

Санитариялық қағидаларға сәйкес лагерьдің аумағы қоршалуы тиіс, объектілер үздіксіз ауыз сумен, ыстық сумен, кәрізбен, жарықпен, желдеткішпен қамтамасыз етіледі. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілуі тиіс. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызмет көрсетіледі. 

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған кезде балаларды лагерьге қабылдауға жол берілмейді. 

2023 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша 64 балалар сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалары мен гигиеналық нормативтерінің талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды, оның ішінде 48 лагерь жұмыс істей бастады (Ақмола облысы – 4, Ақтөбе облысы – 7, Алматы облысы – 1, Атырау облысы – 1, ШҚО – 2, Жамбыл облысы-5, Жетісу облысы – 4, БҚО – 3, Қызылорда облысы – 8, Қостанай облысы – 1, СҚО – 1 Түркістан облысы – 9, Павлодар облысы – 1 және Шымкент қаласы – 1), - делінген ақпаратта.

8 өтініш бойынша (Түркістан облысы – 4, БҚО – 3 және ШҚО – 1) олардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуі себебінен СЭҚ беруден бас тартылды. Себебі, ғимараттарға, үй-жайларға дайындық жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында дайындық кезеңінде жазғы демалысты ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерлерге мыналарды қамтамасыз етуді ұсынамыз: 
- ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
- кеміргіштерге, жәндіктерге қарсы өңдеумен аумақты тазарту және абаттандыру;
- желдету және ауаны баптау жүйелерін қоса алғанда, инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
- төсек-орын, ыдыс-аяқ, асхана жабдықтары мен мүкәммалдың жеткілікті мөлшерімен жарақтандыру;
- персоналды оқыту;
- маусым ашылғанға дейін объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.

Ата-аналарға мынадай кеңес береміз:
- лагерьді таңдау кезінде Комитеттің сайтында орналастырылған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алу;
- салқын тиюге, күн өтуге және жарақат алуға жол бермеу үшін сөмкеге жылы күрте немесе куртка, шұлық, кепка немесе қалпақ, жабық аяқ киім (кеды), сандал салыңыз;
- жолға бөтелкедегі газдалмаған су түріндегі құрғақ рационды, печенье, май мен ірімшік қосылған бутербродтарды салу;
- тез бұзылатын өнімдерден, атап айтқанда ет, балық, сүзбе, кілегей қосылған торттар, тәтті газдалған сусындар, жидектер, бақша өнімдерінен тұратын «сарқыт» тамақтарды жолға салмау, лагерьлерге әкелмеу;
- лагерьге жіберген кезде жолға шығар алдында балада аурудың сыртқы белгілерінің бар-жоғын тексеру (термометрия, терінің өзгеруі), сондай-ақ баланың денсаулығына шағымдары бар-жоғын сұрау.

Сондай-ақ, Комитетте жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгіну үшін  қауырт желі ұйымдастырылған: қауырт желі 8 (7172) 74-18-64).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға