Жаңалықтар

Балаларға арналған басылымдарға арнайы мемлекеттік тапсырыс қарастырылады

Балаларға арналған басылымдарға арнайы мемлекеттік тапсырыс қарастырылады
Фото: El.kz 26.01.2023 15:51 844

Бұл туралы баспа БАҚ-та балалар контентін қалыптастыру ерекшеліктері туралы отырыста талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Форумда балалар басылымындағы контентті қатаң бақылауға алу қажеттілігі туралы айтылды.

"Анимация, комикс және влог бүгінгінің балаларын баурайтын терминдер. Қазіргі таңда жас буынды «хаги ваги мен өрмекші адам» тәрбиелеп жатыр. Олардың тұйық болып, өз ойын жеткізе алмауы да сондықтан" дейді қазақстандық комикстердің алғашқы альманахының негізін салушы.

Сонымен қатар мультипликатор-режиссер Оразхан Жақып та өз пікірін білдірді.

«Балаларға арналған басылымдарға бұрынғыдай сұраныста емес. Бақылау мүлдем жоқ. Кез келген адам комикс салып, басып шығарып оны насихаттай алады. Оның қандай насихат жасап жатқаны еш тексерілмейді. Балаларымыз америкалық персонаждармен тәрбиеленіп келеді. Олардың түпкі мақсатын түсініп жатқан ешкім жоқ. Байқасаңыздар барлық батыл кейіпкерлер алғашында өз ортасының «изгойы» болады. Кейін ешқандай күш салмай-ақ қандай да ситуацияның арқасында супер каһарманға айналады. Мұны көрген балалар санасында сондай сәт туады деген үміт қалыптасып қалады», - деді Оразхан Жақып.

Ол тарихтағы батырларымызды танытуда және білім беруде комиксті қолданысқа енгізу қажет екенін де айтты.

"Иллюстрация салушылардың қызметі қымбат. Сондықтан балалар басылымдары ашық дереккөздеріндегі суреттермен ғана шектеліп қалуда. Жаңашылдық жоқ дүниеге сұраныс та болмайтыны анық. Қазіргі таңда шетелдік ойындар, комикстер мен сайттар балаларды теріс бағытқа итермелеп жатқан жағдайдар көптеп тіркелуде", деді мультипликатор-режиссер.

Форум қорытындысы бойынша, алдағы уақытта балаларға арналған басылымдарға арнайы мемлекеттік тапсырыс қарастырылуы керек деген ұсыныс жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға