Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді жоспар әзірленуде – Еділ Оспан

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға жан-жақты көмек көрсетудің егжей-тегжей әдістемесі ұсынылады, - деді ол.
Кешенді жоспар жобасында Қазақстандағы психологиялық қызметтің мәртебесін арттыру, балаларға арналған ақпараттық кеңістікті трансформациялау, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және оларға уақтылы, кешенді көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін регламенттеу жөніндегі іс-шаралар қамтылған.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, Кешенді жоспарды қабылдау балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесінде барлық мемлекеттік органның күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.
