Балалардың демалысын ұйымдастыруға білім басқармалары жауапты болады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
23.04.2024 20:31
722
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесінде өңірлік білім басқармаларымен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен және әдістемелік кабинеттермен бірге «Жаз-2024» балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, жазғы демалысты өткізу мәдениетін қалыптастыру қажет. Сондықтан әріптестер, балаларды қорғау шараларын қатаң бақылауға алып, жұмысты күшейту керек. Сіздерге тиісті әдістемелік құралдар мен алгоритмдер жолданды. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша білім басқармаларының басшыларына жеке жауапкершілік жүктеймін, - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бас прокуратурада ведомствоаралық кеңес өткізілді
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы