Жаңалықтар

«Балалар үшін тікелей жауаптысыздар»: Министр оқу жылына дайындықты сынады

«Балалар үшін тікелей жауаптысыздар»: Министр оқу жылына дайындықты сынады
Фото: © El.kz 22.08.2023 19:07 859

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірнеше өңірдің оқу жылына дайындық барысын сынға алып, ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқушыларды жаңа оқу жылында қауіпсіз әрі таза мектеппен және қажетті құрал-жабдық, оқулықтармен қамту аса маңызды. 1 қыркүйекте балалардың саналы тәрбие және сапалы білім алуына толық жағдай жасалуы керек. Оған бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдар, яғни білім басқармалары жауапты екенін еске саламын. Өңірлер бойынша Атырау және Ақмола облыстарының әлі де толық деңгейде дайын емес екені айтылды. Бұл жерде мәселе қауіпсіздікке қатысты. Әсіресе Атырау облысы бірнеше рет аталды, - деді ведомство басшысы министрліктің аппарат отырысында.

Сондай-ақ министр Атырау облысы білім басқармасының басшысына оқу жылына дайындық бойынша шұғыл шаралар қабылдау керектігін жүктеді.

Ақмола облысы бойынша мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының 1 қыркүйекке дейін бітпеуі мүмкін. Сонымен қатар қауіпсіздік бойынша яғни бейнебақылау камерларын жедел желі орталығына тікелей қосу бойынша да мәселелер бар. Павлодар облысы, сіздерде де күрделі жөндеу бойынша мәселелер бар көрінеді. Ең бастысы балалардың қауіпсіздігі, білім басқармаларының басшылары сол сұраққа сіздер тікелей жауаптысыздар, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға