Жаңалықтар

Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен

Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен
Фото: Pixabay 29.09.2023 16:55 716

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қазақстанда жыл сайын 2 мыңға жуық балаға қарсы қылмыс жасалатынын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Күн сайын 1-2 бала өз-өзіне қол жұмсайды немесе жұмсауға тырысады.

Тек кана осы жылдың 8 айында өткен жылмен салыстырғанда балалар арасындағы суицид 47,9 пайызға өсті. Балаларға қарсы жасалған қылмыстар саны да 18 пайызға өсті. Балалар арасында 1 күнде 5 қылмыс жасалады. Буллинг мәселесі де өзекті. Сонымен қатар, жылына 200-ден астам бала терезеден құлап кетіп немесе люктерге құлап кетіп жатыр», - деді Динара Зәкиева

Балаларға қарсы жасалған қылмыстар бойынша және олардың қауіпсіздігіне қатысты әзірленген заң жобасына тоқтала кетті.

Осы заң жобасында 50 ден астам позиция бар. Олар 4 кодекс пен 10 заңға өзгерістер көздейді. Олардың арасында балаларга карсы жасалган зорлык-зомбылыққа, катыгездікке, жыныстык зорлық-зомбылыкка қатысты, буллинг, терезеден құлау, инфрақұрылымның кауіпсіздігіне және балаларға арналған мекемелерді лицензиялауға қатысты түзетулер бар. Сонымен қатар, отбасыларға әлеуметтік көмек корсететін жүйе мен инфрақұрылымды құру бойынша алдын алу механизмдері мен құралдарын енгізетін түзетулерді көздедік, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға