Балаларға арналған жаңа әліппені көргіңіз келе ме? (сурет)
12.01.2015 03:53
42405
Суретші Аңсаған Мұстафа балаларға арналған жаңа әліппе ұсынды. Қазақ тілінде қолданылатын әрбір әріпке бір-бір суреттен арналып, оның әрқайсысына Мәдина Дүйсекова есімді журналист жеңіл жатталатын ұйқастар әзірледі. Сондай-ақ, жаңа әліппеге арнайы ән де жазылған және оның авторы – Ринат Әбдіхалықов. Әнді опера әншісі Сара Найман орындамақ. Бұдан бөлек, жаңа әліппені смартфон арқылы пайдалану көзделуде. ІТ-маман Тимур Бектұр әліппенің мобильді қосымшасын әзірлеуге кірісті. Сонымен, назарларыңызға аталмыш әліппенің толық иллюстрациясын ұсынамыз.
Дәурен Омаров
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алуан-алуан пікір бар!