Жаңалықтар

Балаға көңіл аз бөлінсе, тілі кеш шығады - логопед

Балаға көңіл аз  бөлінсе, тілі кеш  шығады - логопед
Фото: жеке мұрағат 27.03.2023 16:20 4374

Бала тілі – бал болса дағы өкінішке қарай, қазір қоғамда бұл бақытты сезіне алмай отырған отбасыларды жиі кезіктіруге болады. 

Соңғы бес жылда логопедия ұғымы аса танымал болды. Сәби дүниеге келгеннен кейін оның әрбір қылығы ерекше болары сөзсіз. Дәл сол даму процесінде сөйлеу қабілеті 3 жасқа дейін қалыптасуы қажет. Негізінен бір жастағы бүлдіршін кем дегенде 10-15 cөз, ал екі жастағы бала 300-дей сөзді емін-еркін жеткізе білуі керек. El.kz ақпараттық агенттігі логопед Гүлназ Құдайқұловадан тілдің кеш шығу себептері мен мұндай мәселенің алдын-алу процестері жайлы сөз қозғады.

- Баланың сөйлеу қабілетіне қай уақыттан бастап мән беру қажет?

Шын мәнінде соңғы кездері баланың тілі кеш шығуы жиілеп барады. Бала  туған күнінен бастап сөйлейді. Сәбидің жылауы әртүрлі, ол өмірдің бірінші айында ерекше мәнерлі болады. Оның көмегімен анасы нәрестеге не қажет екенін түсіне алады. Мысалға суық болса, ауырғанда, тамақ ішкісі келгенде немесе дәретханаға барғысы келгенде әрқалай жылайды. Егер бала интонациялық түрде бәрін дұрыс жасаса ана айырмашылықтарына тез үйренеді. Бұл жағдайда психикалық және сөйлеу дамуы үйлесімді түрде жүреді. Егер бала монотонды, бір деңгейде жыласа және дауысқа жауап бермесе, дәрігер кеңесіне жүгіну керек. Осы кезден ақ баланың сөздің қоры жинала бастайды.

Балаға көңіл аз  бөлінсе, тілі кеш  шығады - логопед

- Нәрестемен қай уақыттан бастап анық сөйлесу керек?

Нәресте 3,5-4 айында онымен сөйлескен кезде анасының ернін мұқият бақылайды және қимылдарды қайталауға тырысады. Балаға еркелетіп сөйлегеннің өзінде, нақты әрі асықпай сөйлеу қажет. Баланың дұрыс сөйлеуді және логикалық, бейнелі сөз тіркестерін құруды үйренуі үшін уақыт қажет. Сәби алғашқы қадамдарын жасау үшін ересек адам көмектескендей сөйлеуді де әр ата-ана өзінен бастайды.

Сөйлеу өздігінен пайда болмайды. Балаға міндетті түрде үйрету қажет. Бала жаңа сөздерді есте сақтап қана қоймай, сонымен бірге артикуляциялық бұлшықеттерді жаттықтырады, интонацияны басқаруды үйренеді. Бұл бір жылдан астам уақытты алады.

- Ата-аналар қай уақытта бала тілінің тежелуіне алаңдап, мамандарға жүгіне бастаса болады.

Бала 3 жасқа толып сөйлей алмаса ол еркелік, жалқау, ата-анасы кеш сөйлеген, бәрін түсінеді сөйлеп кетеді деп уақыт өткізіп алады. Осы уақытта баланың тілі қатып кетеді. 3-3,5 жаста ғана алғашқы сөздерді айта бастаса, "мама, бер" сияқты қарапайым сөз тіркестерін құра бастаса, онда ол бала алты жасында мектепке баратын уақыт келгенде толық сөйлей алмайды. Сондықтан кішкентайынан арнайы жаттығулар жасаған жөн.

Балаға көңіл аз  бөлінсе, тілі кеш  шығады - логопед

- Сөйлеу қабілетін дамыту үшін қандай жаттығулар ұсынасыз?

Сөйлеп үйрену  қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылып отырады. Айналада болып жатқан құбылысты сөзбен түсіндіріп отырыңыз. Анасы тұйық болса да, баламен сөйлесуі қажет. Арада байланыс орнатып, сөз балаға бағытталып, ең бастысы көзіне қарап сөйлеу керек. Баламен бала болып ойнауды ұмытпаған жөн. Ойнау арқылы ойлау қабілеті дамиды. Ал тіл ойлаудың құралы. Балаға жеткілікті түрде көңіл бөліп сөйлеспесе бала жас ерекшеліктеріне сай дамымайды.

- Тілдің кеш шығуының өзіндік себептері бар ма?

Балаға көңіл бөлінбесе психикасы мен мінезі бұзылады. Бала көп уақытын анасымен өткізеді, сондықтан саусақ жаттығуына аса көңіл бөлуді үйрену керек. Себебі саусақ қимылдату мидағы сөйлеу функциясына жауап береді. Ол тікелей тілге әсерін береді. Сонымен қатар дұрыс тыныс алудың да пайдасы өте зор. Ол арқылы миға оттегі жинақтаймыз. Бұл жаттығу арқылы баланың сөйлеуі анық әрі жарқын болады. Содан кейін ол белгілі бір заттың қалай аталатынын құлақпен қабылдай бастайды, осылайша пассивті сөйлеу қалыптасады. Алты айдан бастап заттардың түсі мен көлемі туралы «кішкентай ойыншық», «қызыл доп» сынды мәліметтерді қосу керек. Мұны үнемі жасаса, бала дұрыс естуді және түсінуді үйренеді.

- Үй жағдайында тіл жаттығуларын жасау нәтиже береді ме?

Үй жағдайында артикуляциялық жаттығулар жасаудың маңызы өте зор. Ол біздің сөйлеу аппаратымыз. Сөйлеу аппартының бұлшық етін дамытып жетілдіруге арналады. Ат шауып келеді, тәтті шырын, футбол, саңырауқұлақ сынды жаттығуларды үй жағдайында ютуб желісінен қарап жасауға болады. Егер баланың 3 жасқа дейін тілі анық шықпаса ата-ана баланы тиісті мамандарға көрсеткені жөн. Оны ауыру санатына жатқызудың қажеті жоқ. Білікті мамандардың дұрыс қойылған диагноз бала тілін дамытуға сеп болады. Түзете-дамыту жұмысын сапалы әрі уақытылы жасау арқылы нәтиже шығаруға болады.

- Сөйлеу қабілетін қай жасқа дейін түзетуге болады?

Балада байқалатын барлық сөйлеу бұзылыстарын 7 жасқа дейін түзеткен жөн, өйткені сөйлеу бұзылыстары көптеген жағдайларда баланың оқу мен жазуында қиындық тудырады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға