Жаңалықтар

Балабақшаларда бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні өтті

Балабақшаларда бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні өтті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 23.03.2025 22:14 527

Балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ТЖМ барлық балабақшаларда бірыңғай өрт қауіпсіздігі күнін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Акция қайғылы жағдайлардың алдын алуға және өрт туындаған жағдайда мінез-құлық ережелері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Іс-шара балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылып, қолжетімді ойын түрінде өткізілді. Кішкентай қатысушылар үшін театрландырылған қойылымдар, «өрт сөндіруші» ойындары дайындалды, сондай-ақ оқу мультфильмдері көрсетілді. Сонымен қатар бұл процесте ертегілер мен әңгімелер қолданылды, олар маңызды ақпаратты оңай игеруге ықпал етті.

Акция еліміздің 1200-ден астам балабақшасын қамтыды, оған 51 000-нан астам бала қатысты. Іс-шараға өңірлік білім басқармалары мен жұртшылық өкілдері де белсене қатысты. Бұл балалар мен педагогтарды оқу процесіне жаппай және кешенді тартуды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

ТЖМ балаларда қауіпсіздік ережелерін сақтау әдетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап көрсетеді. Мұндай іс-шараларды тиімді ұйымдастыру қауіпсіздік негіздерін нығайтуға және өскелең ұрпақтың сақтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға