Балабақшада шкаф құлап, төрт бала астында қалды

Оралда балабақшада оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 1 ақпанда Орал қаласының Солтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасқан «Сәби» балабақшасында орын алды. Жедел жәрдем қызмтіне қоңырау таңғы сағат 11:30-да түскен БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шкафтың құлауы салдарынан 5 адам зардап шекті, оның төртеуі бала. 1976 жылы туған әйел қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілді.
Оған амбулаторлық бақылау тағайындалды. 2018 жылы туылған қыздарда кеуде-бел аймағының жұмсақ тіндері, оң қолдары мен білектері көгерген, – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Бүлдіршіндер дәрігерлердің тексерісінен кейін жағдайлары қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне қайтарылған.
