Жаңалықтар

Бала жүрегінің «емшілері»

Кардиохирург Бақытжан Нұркеев пен анестезиолог-реаниматолог Әсел Кабакановамен сұхбат
Бала жүрегінің «емшілері»
12.06.2017 12:44 8617

18 маусым медицина қызметкерлер күніне орай, El.kz редакциясы Ұлттық ғылыми медициналық орталық АҚ «Балалар кардиохирургиялық клиникасында» болып қайтты. Мұнда екі түрлі: ашық және жабық оталар жасалады.  Жылына шамамен 500-ден аса (жабық 150-ден көп, ашық 350-ден көп) балалардың жүрегіне ота істеледі. Ал жаңа туған сәбилер сол 500 отаның 40 %-ын еншілейді екен. Сондай-ақ, клиникада 90 % ота жаспарлы түрде өткізілсе, қалған  пайыздық көрсеткіш жедел түрде іске кірісуді талап етеді.

Магистральды тамырлардың транспозициясы (жылына 20-30 балаға жасалады), тотальды өкпе веналарының анамальды орын-ауысуы (10-15), АВСД толық пішіні (10-15), өкпе артериясының артрезиясы (20-30) секілді күрделі операцияларды осындағы 7 дәрігер-кардиохирургтар жүргізіп отырады.

Үстіміздегі жылдың ақпаны. Ілгерідегі аталған клиникада қызмет жасайтын кардиохирург Бақытжан Нұркеев пен анестезиолог-реаниматолог Әсел Кабаканова жедел түрде Көкшетау қаласына аттанды. Мұнда салмағы небәрі 700 грамм ғана болатын қыз баланың жүрегіндегі ашық артеариальді жолдармен, жетілмей дүниеге келген болатын. Жылдам жеткен қос дәрігер сәбидің жүрегіне сәтті ота жасап, аман алып қалды. Осылай неше жүздеген жүректің ары қарай өмір сүруіне сеп болып отырған «алтын қолды» медицина қызметкерлерімен тілдесіп қайтқан едік.

Кардиохирург Бақытжан Нұркеев 1984 жылдың 11 қазанында Оңтүстік Қазақтсан облысында туған екен.

– Ордабасы ауданы, Төреарық ауылында дүниеге келгенмін. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясында жеті жыл білім алдым. 3 курста оқып жүргенде-ақ, операциялық блогта мед-аға болып жұмыс жасаған болатынмын. 2008 жылы интернатураны тәмәмдаған соң, Болашақ бағадарламасымен Ресей асып, Мәскеу қаласындағы Бакулев атындағы жүрек-қантамыры институтында, жүрек-қантамырларының ішіндегі балалар кардиохирургиясы бойынша білімімді толықтырдым.

Бақытжан Әбидуллаұлы 2011 жылы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына жұмысқа орналасып, неше жылдық жиған білімін тәжірибе арқылы көрсете бастады. Шухрат Марасилов жетекшілік етіп, 2012 жылдың ақпанның соңғы күндері алғашқы отасын өткерді.

– Жүрекше аралық ақаудың кеңістігін жабу үшін іске кірістім. Бірінші жұмыс кеуде қуысын ашу. Ол үшін жүректі жасанды аппаратқа қосып, жүректі уақытша тоқтату қажет. Әр кезеңнің жауапкершілігі бар, бір қателік баланың өміріне үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Толып жатқан тамырларға зақым келтірмей кеуденің қуысына еніп, жүректі тоқтатамыз. Мұның да өзіндік ережелері бар, тоқтатқан жүректі қайта іске қосуымыз керек қой. Тігу барысында да аса сақтықпен жұмыс жасаймыз. Қателессек, екі қарыншаның фунциясын жоғалтып алуымыз ғажап емес. Бұл баланың өмір бақи мүгедек болып қалу қаупін тудырады. Міне, осылай жетекшім қасымда болып, алғашқы отамды өткеріп шықтым.

Дәрігердің айтуынша, қазіргі медицинадағы скринигтің көмегі арқылы жүрек ақауымен дүниеге келген балаларды алдын ала, анасына жасалған УЗИ-мен анықтап отыр. Осының арқасында туа біткен жүрек ақауы бар балаларды дер кезінде анықтап, ем көрсетіліп жатқанын алға тартады.

– Балалардың бұл дертпен туылып жатқанына тек анасы емес, әкесінің де әсері бар. Ал негізгі себеп инфекция, вирус, бактерия, осы аталғандардың зияны басымырақ. Бала екі айлығында жүректің құрылысы қалыптаса бастайды. Міне, осы процесте анасы вирус не бактериямен ауыратын болса, баланың жүрегіне міндетті түрде әсерін тигізеді. Алкоголь, темекі, экология, тұқым қуалайтын аурулар секілді көптеген факторлардың өзіндік зияны жетерлік. Бастысы, анасы көтерген соң екі айдың ішінде, ауру-сырқаудан сақтанғаны абзал, – дей келе, дәрігер Көкшетау қаласында өткен отаға кеңінен тоқталып өтті.

– Жаңа туған нәрсетелерде ашық түтік, яғни қолқа тамырымен өкпе тамыры арасында қосылып тұратын кішкентай ғана тамыр бар. Бала анасының ішінде жатқанда ол тамыр жабылуы керек. Кейбір сәбилерде салмағының жетіспеушілігі салдарынан ашық қалып қояды. Егер оны уақытында жаппаса, бұл ақаудың кесірінен бірінші кезек өкпе зақымданады. Бала жасанды желдету аппаратының астында жатады. Ары қарай өмірге бейімделуі үшін, аталған аппараттан шығару үшін, ілгеріде атап өткен тамырды жабу міндеттеледі. Оны ашық және жабық түрде жабуға болады. Көкшетаулық сәбидің салмағы бар болғаны 700 грамм болғандықтан, оның артериясы, веналарының диаметрлері тым кішкентай. Сондықтан біз уап-ты жабық түрде жаба алмағандықтан, ашық түріне өттік. Сол жақ кеудеден үшінші және төртінші қабырғалардан кіріп, ол тамырды басқа тамырлардан айырып, аорта мен өкпеге қан бармау үшін байладық. 

«Балалар кардиохирургиясы ересектер кардиохирургиясынан өзгеше» – дейді дәрігер. Себебі, ересектерде екі қарынша, екі жүрекшеден тұратын 4 камера болса, ал балаларда бұл камералардың біреу болмай, тамырлары жетілмей қалады екен. Ота жасаған кезде анатомияға байланысты өзгерістер жиі болып отыратынын жасырмайды. Кардиохирургқа шыдамдылық пен білім, ал үшіншіден тәжірибенің маңызы өте зор екен.

Бақытжан Нұркеев 9 жылдың еңбек өтілінде 300-ден аса өта жасап үлгеріпті.

Барлығымыз ота барысында хирургтың атқарар рөлі зор деп ойлайтынымыз жасырын емес. Бірақ, хирург сәтті ота жасап шығуы үшін оған тәжірибелі анестиозолог-реаниматолог қажет. Кардиохирургтармен бірге, жүздеген сәбилерге өмір сыйлап жүрген Әсел Кабакановамен де тілдескен едік.

– Қарағанды мемлекеттік медицина университетін тәмәмдап, Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медицина орталығындағы балалар кардиохирургия бөліміне жұмысқа орналастым. Бірден анестезиология-реаниматологияға барамын деп мақсат қоймадым, алғашынды кардиолог болып жүрдім. Міне, бес жылдың жүзі болды реанимацияда қызмет етіп жүрмін.

«Медицинаның өзі күрделі сала. Адамның өмірі қолыңда тұрғанын сезінгенде, тіпті оның қиындығын терең түсінесің» дейді кейіпкеріміз. Педиатрияның өзіне тән ауыртпалығы бар болса, оның ішінде жүрек ақауымен түсетін сәбилерге ота жасаудың өзі қиын емес пе?!

– Кадиологиядығы анестезиолог-реаниматологтың қызметі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алғаш отаға кірген кезімде жүрексінгенім рас, ал бүгінде жинаған тәжірибемнің арқасы болар, батыл кірісемін. Жалпы барлығы  хирургтың рөлі көбірек деп ойлайды, дегенмен ота жасалатын баланының қысымын, жүрек қағысын қалыпқа келтіріп, наркозды да мөлшерімен беріп және тағы басқа көптеген жұмыстарды атқаратын бізбіз. Хирург сәтті ота жасауына біздің де еңбегіміз зор. Кей білікті хирургтар «Біз үшін анестезиолог маңызды. Ол қалай жұмыс жасаса, менің де жұмысым дәл сондай болмақ» – дейді.

Көкшетаудағы 700 грамдық сәбиге жасалған отаның сәтті өткеніне орай Әсел Кабаканова жергілікті Көкшетау балалар емханасындағы қызметкерлерге алғысын білдіреді.

– Бұл балалар осы клиникада қалады, ал мен үйде болсам да осындағы сәбилерді ойлап жүремін. Олардың жағдайына алаңдап отырамын, – дейді Әсел.

Қос дәрігер де сұхбат берген соң, реанимация бөліміне асыға кіріп кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға