Жаңалықтар

Бала туу көрсеткіші төмен өңірлер анықталды

Түркістан, Маңғыстау облыстарында халықтың өсімі республикалық орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары
Бала туу көрсеткіші төмен өңірлер анықталды
Фото: pixabay.com 24.06.2022 11:18 3256

Халықтың жасы бойынша құрамын анықтайтын биллетер индексі Қазақстанда кейінгі 11 жыл қатарынан бала туу көрсеткіші оң динамикамен жылжып келе жатқанын көрсетті, – хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мысалы, 2020 жылы 100 адамға шаққандағы бала туу көрсеткіші 13 болса, 2021 жылы 14,3-ке жеткен.

– Алайда өңірлер бөлінісінде бәрінде бірдей оң динамика бар деп айтуға облыстар да, республикалық орташа көрсеткішке жете алмай отырған өңірлер де бар екеннін алға тартуда. Мысалы, Түркістан (100 адамға – 48,5) және Маңғыстау (100 адамға – 42,1) облыстары, Шымкент (100 адамға – 37,5) қаласы мен Атырау (100 адамға – 34,2), Қызылорда (100 адамға – 33,3) және Жамбыл (100 адамға – 30,7) областарында халықтың өсімі республикалық орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Ал 6 өңірде Биллетер индексі теріс мәнге ие болып отыр. Атап айтсақ, Солтүстік Қазастан (100 адамға –27,7), Қостанай (100 адамға – 22,2), Шығыс Қазақстан (100 адамға – 14,5), Павлодар (100 адамға – 13,4), Ақмола (100 адамға – 12,3) және Қарағанды (100 адамға – 7,2) облыстарында бала туу көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен, – деп жазады Finprom.kz .

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға